Компания туралы

"Bimash" ЖШС – кәсіби менеджерлерді, бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін жасаушыларды, жүйелік талдамашыларды, инженерлер мен әкімшілерді біріктіретін қазақстандық компания. Біз қайсыбір автоматтандырылған жүйені жасау жөніндегі жұмысымызды Тапсырысшының қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттердің кешенді шешімін табу ретінде қарастырамыз. Аталған принцип біздің қарым-қатынастарымыз өзара сенім мен одан әрі ынтымақтастық келешегін кеңейтуге негізделетінін білдіреді. "Bimash"  компаниясы Қазақстан нарығында  1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аумақтық тұрғыдан алғанда Астана және Алматы қалаларында орын тепкен компанияда 40-тан астам жоғары білікті қызметкерлер еңбек етеді.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Корпоративті ақпараттық жүйелер мен дерек базаларын жасау
  • Корпоративті Web –порталдар мен электронды коммерция жүйелерін жасау
  • Қазақ тілінің электронды сөздіктерін жасау
  • Электронды оқыту жүйелерін жасау
  • Сервер жүйелері мен ақпаратты сақтау жүйелерін жеткізу және іске қосу
  • Кәсіпорындардың ақпараттық және техникалық ресурстарын басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешендерін жеткізу және іске қосу 
  • Лицензиялы бағдарламалық қамтуды жеткізу
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру мен қызмет көрсету
  • Жасанды интеллекет саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, сарапшылық жүйелер мен деректерді интеллектілік өңдеу жүйелерін жобалау және жасау

"Bimash" компаниясы ІВМ корпорациясының ресми бизнес-әріптесі болып табылады.
Біздің негізгі тұғырнамаларымыз:

  • Аппаратттық: IBM eServer zSeries, RISC-серверлер IBM eServer p5 және pSeries мейнфреймдері POWER, IBM eServer xSeries процессорларында және Intel процессорларында
  • OC: Linux, AIX, Windows
  • Интеграциялық платформа: IBM WebSphere Business Integration Server Foundation, IBM WebSphere Application Server, IBM WebSphere Portal
  • СУБД: DB2 Information Management Software Разработка: Java, J2EE, WebSphere Studio, Rational Application Developer, Rational Enterprise Suite, Rational Unified Process

Мұраты

Біз қайсыбір автоматтандырылған жүйені жасау жөніндегі жұмысымызды Тапсырысшының қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттердің кешенді шешімін табу ретінде қарастырамыз. Аталған принцип біздің қарым-қатынастарымыз өзара сенім мен одан әрі ынтымақтастық келешегін кеңейтуге негізделетінін білдіреді.

Мақсаттары

"Bimash" ЖШС жүйелік жинақтағыш болып табылады, ұлттық ауқымдағы ірі кәсіпорындар үшін жинақты корпоративтік шешімдерді жүзеге асыру жөнінде жиған-терген тәжірибесін молайта түсуде.
Bimash тапсырысшыларына мына төмендегі қызметтердің кең ауқымын ұсынады:

  • Басқару және IT бойынша кеңесші болу
  • Жинақтағыш ақпараттық жүйелерді жобалау
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасау
  • Жабдықты және стандартты БҚ-ларды жеткізіп, орнату
  • Заманауй тиімді әдістемелер пайдаланылатын жүйелерді енгізу
  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша кешенді шешімдер ұсыну
  • Мамандар мен пайдаланушыларды оқыту
  • Сервистік және техникалық қолдау көрсету
  • Ақпараттық жүйелерді толығынан іске қосу
  • Талдамаларды озық басқару

Жинақтағыш ақпараттық жүйелерді енгізу жөніндегі жобалар ең күрделі жобалардың бірі болып табылады,  бұл экономикалық жетістіктің өзі көп жағынан алғанда жобаны кешенді басқаруға тәуелді болатындығын білдірсе керек. Біз жобаларды басқарудың ең замануй әдістерін пайдаланамыз, ол әдістер арқылы біз:

  • Барлық жобалық бағыттарды үйлестіру және «дәлме-дәл» жүзеге асыру есебінен жоба мерзімін қысқартамыз
  • Тиімді жобалық командалар құру арқылы жобаға қатысушы компаниялардың барлығының түрлі мамандарының күш-жігерін біріктіре аламыз
  • Жобаның жеткілікті қаржыландырылмауына, даярлықты мамандардың болмауына, қызметкерлердің өзгерістерге табиғи қарсылығына, түрлі жүйелерді жинақтаудың күрделілігіне қатысты тәуекелдерді, т.б. кеміте аламыз
  • Жоспарланған нәтижелерге дер кезінде және бюджет ауқымында қол жеткіземіз
  • Салынған инвестицияларды жүйенің одан әрі дамуын болжап білу арқылы қорғауды қамтамасыз етеміз

Талаптарды басқару, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мен жасау, негізінен алғанда бағдарламалық жобаларды жүзеге асырып, енгізу саласында біздің компаниямыз RUP (Rational Unified Process) әдістемесін қолданады, ол:

  • ақырғы пайдаланушылардың сұраныстарына жауап беретін бағдарламалық өнімнің жоғары сапасына
  • жұмыстардың болжанатын уақыт кестесі мен жобаның нақты белгіленген қаржылық бюджетіне сай орындалуына
  • тапсырысшылардың іскерлік сұраныстарындағы жаңа талаптарды немесе тактикалық өзгерістерді есепке алуда икемді болуға;
  • жобаға қатер төндіретін тәуекелдерді алдын ала танып-біліп, бейтараптандыруға;
  • бағдарламалық өнімдерді жасауға, енгізу мен іске қосуға кететін шығындарды кемітуге кепілдік береді.

Біздің әріптестеріміз

Біз ақпараттық технологиялардың әлемдік көшбасыларымен сенімді әріптестік байланыстар орнатуға тырысудамыз. Бүгінгі таңда Bimash компаниясы ІВМ сияқты жабдық пен бағдарламалық қамтуды өндіретін жетекші компанияның бірінші деңгейдегі бизнес-әріптесі болып табылады. Біз жетекші қазақстандық және шетелдік ІТ компаниялармен, сондай-ақ жобалық ұйымдармен және ғылыми-техникалық институттармен әріптестік қатынастарды дамытуға және қолдап отыруға үлкен мән береміз. Өз жұмысында біздің мамандарымыз әріптес компаниялардың Тапсырысшы алдында тұрған міндеттерді шешуге неғұрлым қолайлы жабдықтарын, технологиясын, БҚ-лары мен қызметтерін жобаны жүзеге асыруға таңдап ала отырып, оңтайлы шешімдерге жету принципін басшылыққ алады.  

Біздің өнімдеріміз

Негізінен кешенді корпоративтік жобаларды жүзеге асыруға бағдар ұстана отырып, біздің компаниямыз қорапты бағдарламалық өнімдерді де табыспен жасап келеді. Атап айтқанда, біз лингвистикалық өнімдерге айырықша көңіл бөлеміз. Қазіргі таңда біз жасаған төмендегі лингвистикалық бағдарламалар кешені нарықтан өз орынын табыспен тауып отыр:

  • қазақ-орыс және орыс-қазақ электронды сөздіктері;
  • қазақ қаріптерінің конвертерлері;
  • түрлі операциялық жүйелердің драйверлері;
  • қазақ тілінің 30 шақты кодировкалары мен 160-тан астам қаріптері;
    жуық арада бұл топтама қазақ тілінің орфографиясын тексеруші, сканерден өткен және танылған мәтіндерді өздігінен түзетуші құралдармен толықтырылады.

Біздің жобаларымыз

Біздің компаниямыз соңғы жылдар ішінде түрлі коммерциялық және мемлекеттік құрылымдар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын жасау жөніндегі бірқатар тендерлерді ұтып алды және осы жобалар бойынша жабдық жеткізіп, орнатты.

Біздің тұрақты клиенттеріміз арасында төмендегі компаниялар бар (негізгі жобаларға қысқаша түсінік бере отырып келтіріледі):

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – ішкі веб-портал жасап, орнату және оған қызмет көрсету, сондай-ақ әрқилы жүйелерді корпоративті сервистік (КСШ, ESB) көмегімен жинақтау.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдер жөніндегі комитеті – электронды мәтіндер мен электронды сөздіктердің негізінде қазақ тілін кешенді оқып-үйрету жүйесін жасау.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті – кеден органдарының веб-порталын және шлюзін жасап, орнату және оған қызмет көрсету, әрқилы жүйелерді жинақтау.
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыс министрлігі -  IBM zSeries (S/390) мейнфреймлдерінің, IBM ESS 2105 (Shark) дерек сақтау жүйесінің, IBM  Magstar-3590 жолақты қосымша желісінің, IBM 3995 оптикалық кітапханасының, коммуникациялық және  перифериялық жабдықтың негізінде есептеу кешенін жеткізіп, орнату, бабына келтіріп,  қызмет көрсету.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті -
    XML, СУБД IBM DB2 технологияларының, IBM WebSphere қосымшалары серверінің, Linux операциялық жүйесінің негізінде мемлекеттік ауқымдағы корпоративті ақпараттық жүйе жасау.
  • Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі – республика орта мектептерінде қолдану үшін техникалық және гуманитарлық пәндер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды мультимедиалық оқулықтар жасау.
  • Сорос-Қазақстан қоры – қазіргі таңда таралған және бұрындары қолданылған қазақ тілінің түрлі кодировкаларына қатысты түйткілдерді шешуге көмектесетін қазақ қаріптерінің конвертерлерін жасау.
  • Халықаралық компаниялар (ҚР-дағы өкілдіктері)– компьютерлік және перифериялық жабдықты, сондай-ақ  бағдарламалық қамтуды, соның ішінде компанияның өзінде жасалған БҚ-ны, IBM және Microsoft компанияларының өнімдерін, Linux және басқа Open Source өнімдері сияқты ашық бағдарламалық қамтуды жеткізіп, орнату және қызмет көрсету.  


Центральный офис (г. Астана)
8(7172) 787 091;
8(7172) 787 092.

Филиал (г. Алматы)
8(7272) 278 10 93;
8(7272) 278 10 94;
8(7272) 279 98 69.



Developed by iNiT | Powered by ColoriT