Еркін Сүлейменов, математик-ғалым: Таныс болыңыздар, мемлекеттік тіл порталы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл порталының алғашқы кезегі мамандар мен пайдаланушылар назарына ұсынылып отыр, ол мемлекеттік тіліміздің қазіргі ақпараттық технология негізіндегі дамуының үш жылдық кешенді бағдарламасының ең өзекті буыны болып табылады. Порталдың басты мақсаты – сан алуан тілдік қызмет көрсетулерге: әртүрлі тақырыптағы және бағыттардағы электрондық сөздіктерге, оқыту бағдармалары мен тестілерге, терминологиялық қызмет көрсету құралдарына, қазақ тілінің ұлттық корпусына, энциклопедияларға, лингвистикалық зерттеулерді қолдауға арналған қызмет көрсетулерге, тілдік қалыптасқан жағдайлардың мониторгіне және басқаларға бірыңғай қолжетімдікті жүзеге асыру.

Біздің мемлекетіміз алғаш рет миллиондаған пайдаланушыларға қазақ тілін оқып білу, зерттеу және дамыту құралдарын пайдалану мүмкіндігін ұсынып отыр. Мемлекеттік тіліміздің қазіргі ақпараттық технология негізіндегі даму бағдарламасы тұжырымдамасының негізіне соңғы он жылдықтағы екі басты технологиялық үздік жетістік алынған, ол – WEB 2.0 және интернет-қызмет көрсетуді интеграциялау болып табылады.

WEB 2.0 технологиясы интернет қорын немесе қызмет көрсетуді пайдаланушыларға контентті-мазмұнды түзуге, талқылауға және дамытуға  мүмкіндік береді. Бұл технология қазақ тілінің дамуы мен кемелденуінде үлкен рөл атқарады, қоғамдық өміріміздің барлық салаларында кең таралуына аса күшті серпін береді, бұл үдеріске қарапайым пайдаланушылар мен талапкерлерден бастап мамандар мен құзыретті сарапшыларға дейінгі жалпы жамиғатты қатыстыру жолымен жүзеге асыруды көздейді.

Қолданысқа енген WEB 2.0 және интернет-қызмет көрсетуді интеграциялау технологиясы пайдаланушыларға көптеген «базалық қызмет көрсету» негізінде саны шектеусіз кешендік немесе композиттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, өз кезегінде бұл интернет–технологияларды жаңа деңгейге көтереді. Мемлекеттік тіліміз дамуының, тілдік қызмет көрсетуді интеграциялаудың, олардың жетілдірудің үш жылдық бағдарламасында кез-келген деңгейдегі пайдаланушылардың талап-тілектерін толық қанағаттандыру көзделген: қазақ тілін үйренуді бастағандарға, өзінің білімін жетілдіргісі келетіндерге, әртүрлі салалардағы жаңа терминдерді білуге құмартатындарға, белгілі бір тарихи кезеңдегі лексиканың қалпы мен дамуын зерттеушілерге, жаңа терминдерді талқылап, жасаушыларға арнайы мүмкіндіктер қарастырылған.

Порталда мынадай тілдік қызметтер көрсетіледі: үлкен қазақша-орысша- ағылшынша сөздік сөздердің қазақ,орыс, ағылшын тілдері шеңберіндегі кез-келген бағыттағы аудармасын ұсынса,  көпсалалы терминдік сөздіктер
ғылым салалары мен қоғамдық қызмет салаларынан арнайы терминдерді сипаттауға арналған, ф
разеологиялық және орфографиялық сөздіктер
қазақ тіліндегі сөздер мен фразеологизмдердің мағыналарын сол тілдің өз құралдары арқылы, сондай-ақ сөздерді орфографиялық талдауды түсіндіретін лингвистикалық сөздіктер болып табылады,
«Қазақстан» мультимедиялық энциклопедиясы еліміздің жануарлар әлемі туралы интерактивтік анықтамалық-танымдық ақпараттарға қолжетімдік ұсынады. Сондай-ақ ал электрондық-терминологиялық орталық бар, ол қазақ тілі терминдерінің жиынын қалыптастыру мақсатында мамандардың ұжымдық жұмысын ұйымдастырады. Бұлармен қатар әр түрлі көздерден алынған мәтіндердің үлкен аумақтарын қабылдау, сақтау, іздеу және өңдеу жүйесі болып табылатын мәтіндер мұрағаты бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу жүйесі сияқты қосымша қызмет те көрсетіледі.

Мемлекеттік тіл порталы-туған тіліміздің дамуындағы сапалық жаңа белес болып табылады, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ынталы қауымның осынау игілікті істен шет қалмауын қалар едік.


«Экономика», №26 (142), Шілденің 4-і, 2008жыл


Центральный офис (г. Астана)
8(7172) 787 091;
8(7172) 787 092.

Филиал (г. Алматы)
8(7272) 278 10 93;
8(7272) 278 10 94;
8(7272) 279 98 69.



Developed by iNiT | Powered by ColoriT