Таяқшадан - компьютерге дейiн

Дана қазақ уақытты күнге қарап, бағытын жұлдызға қарап белгiлесе,

өзге елдерде есептеу құралдары ретiнде есеп таяқшаларын пайдаланды. Мұның нәтижесi бүгiнгi компьютерлерге алып келдi.

 

 «Абак» - Есеп құралдарының ең алғашқысы болып есептеледi. Абак дегенiмiз ағаш тақта сияқты саз балшықтан немесе топырақтан жасалады. Есептеу үшiн колонкалар, белгiлер жазылған. Абак - Римде, Вавилонда, Қытайда, Жапонияда және көптеген елдерде болған. Есептiң дұрыстығы абакта шешiлуi бойынша қарастырылған. Егер абак арқылы шешуi табылмаса есеп қате болып саналған.

 

«Непер таяқшалары» - Есептiң келесi дамуына шотландиялық математик Д. Непердiң ойлап тапқан арнайы есеп таяқшалары негiз болды. Ол таяқшалар арқылы жұмыс iстеу жеңiл болды. Тек қана кемшiлiгi, жиналған қосындыларды механикалық түрде ауыстыру мүмкiндiгi болмады. Дегенмен, бұл таяқшалар Еуропада кеңiнен таралды. Непердiң жолын қуып таяқшаларды дамытушылар көп болды. Олар қателiктердi жөндеп, өзгерiстер жасады.

 

«Шиккард» - 1623 жылы Тюбинген университетiнiң шығыс тiлдерi профессоры, 1631 жылы математика және астрономия профессоры В. Шиккард жаңа есептеу құралын ойлап тапты. Шиккард машинасы қосу және көбейту құрылғыларынан, өтпелi нәтижелердi есептеу механизмiнен құрылды. Есептiң дұрыстығын сандар көрiнетiн арнайы торлар арқылы бiлуге болады. Алғашқы есеп машинасы 1642 жылы Блез Паскаль тарапынан шығарылды деп есептелiп келдi. Ал, Шиккард машинасы одан бұрын шықты және белгiлi топтың адамдарына ғана белгiлi болды. XVII ғасырда әлi де ғылыми жаңалықтардың таралуының негiзi болатын ғылыми журналдар жүйесi қалыптаспаған едi.

 

«Паскаль» - 1642 жылы механикалық түрде қосу амалдарын есептейтiн құралды Блез Паскаль ойлап тапты. Ол машина арқылы қосу, алу амалдарын пайдаланып, көптеген инженерлiк есептер шығаруға болатын едi. Паскаль машинасы 36х13х8 сантиметр көлемiнде болып, ол арқылы 6-8 қатарлы сандарды есептеуге мүмкiндiгi болды. Паскальдың инженерлiк ойлары есептеу жүйесiнде басқа да құрылғылардың шығуына себеп болды.

 

 «Лейбниц» - Белгiлi немiс математигi және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц, 1672 жылы механикалық қосулардың жаңа негiзiн қалады. Келесi жылы Париж академиясына жаңа есеп машинасын ұсынды. Арифмометр механикалық түрде төрт түрлi арифметикалық амалдарды есептедi. Лейбниц машинасы 100х30х20 сантиметр көлемiнде болып, орналастыру үшiн арнайы орын қажет еттi.

 

 «Бэббидж» - 1812 жылы ағылшын математигi Чарльз Бэббидж кез келген есеп амалдарын орындайтын, таблицалар пайдаланатын жаңа машинаны құрастыруды бастады. Сол жылы айтылған машина қаражат тапшылығынан толық құрастырылмады. 1834 жылы ойлау қабiлетi бар басқа машина құрастыруға кiрiстi.

 

Бұл машина адам қатысынсыз есептердi шығарып, нәтижелерiн есiнде сақтау қабiлетi болуы тиiстi едi. 1842-1848 жылдар аралығында Бэббидж қарқынды жұмыс iстедi. Машина құрастыруға өз қаражаты жұмсалды. Машина үш бөлiктен құралды. Бiрiншiсi мағлұматтарды сақтаушы склад (ОЗУ), екiншiсi есеп операцияларын орындаушы фабрика (процессор), үшiншi мағлұматтарды басқарушы жүйе. Бiрақ бұл машина тек қана теория жүзiнде қалып, қазiргi компьютерлерге негiз болды.

 

 «Арифмометры» - 1818 жылы Карл Томас жаңа есептеу машинасын құрастырды. Бұрыңғы есеп машиналары жекелеген данамен дайындалған болса, бұл арифмометр жүздеген данасы дайындалды. XIX ғасырда арифмометрлер кеңiнен тарады. Бiрақ машинамен жұмыс iстеу үшiн арнайы адам қажет едi. Бұл машинамен көп жұмыс атқаруға тиiмсiз болды. Бағасы да өте қымбат.

 

 «Темiр Феликс» - 1890 жылы Петербург тұрғыны Вильгодтом Однером жаңа арифмометр жасады. Бұл машина алдыңғыларға ұқсас болып, халық арасында кеңiнен тарады.

 

 «Электромагниттiк реле» -  XX ғасырдың алғашқы онжылдығында құрастырушылар есеп машиналарында электромагниттiк релелердi пайдалануды бастады. 1941 жылы немiс инженерi Конрад Цузе, реле арқылы жұмыс iстейтiн есептегiш машина жасады.

 

«Марк-1» - 1943 жылы американдық Говарда Эйкена Бэббидж теориясының негiзiнде, электромагниттiк релелердi пайдаланып IBM фирмасында «Марк-1» (кейiннен «Марк-2») машинасын құрастырды. Ол машина өте үлкен болды. Енi 15 метр, ұзындығы 2,5 метр, 800 мың бөлшектерден құралды. Бұл машиналар жартылай механикалық болды. XX ғасырдың орталарында есептеу машиналарына деген сұраныс маңызды болып, негiзiнен әскери қорғаныста пайдаланылды.

 

 «ЭНИАК» - 1943 жылдан бастап Америкада Г. Эйкен (Howard H. Aiken), Д. Моучли және П. Эккерта (J. Mauchly and P. Eckert) жаңа машина құрастырды. Машина жұмысына реле орнына электрондық шам пайдаланылды. Бұл машина ENIAC (Electronic Numeral Integrator and Computer) деп аталды және «Марк-1»-ден мыңдаған есе тез жұмыс iстедi. Кемшiлiгi есте сақтау бөлiмi болмады. Жұмысы тұрақты түрде жүрмей, көп бұзыла беретiн. 18000 вакуумдық шамдарды пайдаланып, 915 шаршы метр аумақты алды, салмағы 30 тонна. ENIAC компьютерлердiң алғашқысы болды.

«Нейман» - Американдық математик фон Нейман ENIAC- тың кемшiлiктерi мен жетiстiктерiн басшылыққа ала отырып, жаңа есеп машинасының негiзiн қалады. 1949 жылы фон Нейманның ғылыми теориясы негiзiнде ағылшын Морис Уилксом жаңа компьютер құрастырды. Ендi компьютерлер жылдам әрi сапалы болып шыға бастады. 1951 жылы алғашқы кеңестiк  есеп машинасы МЭСМ құрастырылды.1952 жылы БЭСМ Еуропадағы ең жылдам есеп машинасы құрастырылды. Кейiннен компьютерлерде транзисторлар, схемалар, микропроцессорлар пайдаланыла бастады. Ал, қазiргi компьютерлер негiзiн 1970 жылдар аяғында құрастырылған микро ЭВМ бастады. 1981 жылы IBM фирмасы дайын алғашқы компьютердi құрастырды. Бұл компьютерде Microsoft фирмасының бағдарламасы MS-DOS орнатылды. Ал, компьютер IBM РC деп аталды. Компьютерлердiң дамуына арнайы компьютерлiк журналдар, клубтар көп әсерiн тигiздi. Сол арқылы ғылыми жаңалықтар дамып, ғалымдар бiр-бiрiмен ой бөлiсiп, компьютер дамуы қазiргi жағдайға жеттi.



Центральный офис (г. Астана)
8(7172) 787 091;
8(7172) 787 092.

Филиал (г. Алматы)
8(7272) 278 10 93;
8(7272) 278 10 94;
8(7272) 279 98 69.



Developed by iNiT | Powered by ColoriT