"Bimash" ЖШС – кәсіби менеджерлерді,
бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін жасаушыларды, жүйелік талдамашыларды,
инженерлер мен әкімшілерді біріктіретін қазақстандық компания. Біз қайсыбір
автоматтандырылған жүйені жасау жөніндегі жұмысымызды Тапсырысшының қызмет
тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттердің кешенді шешімін табу ретінде
қарастырамыз. Аталған принцип біздің қарым-қатынастарымыз өзара сенім мен одан
әрі ынтымақтастық келешегін кеңейтуге негізделетінін білдіреді.
"Bimash" компаниясы Қазақстан
нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп
келеді.
Аумақтық тұрғыдан алғанда Астана және Алматы қалаларында орын тепкен
компанияда 40-тан астам жоғары білікті қызметкерлер еңбек етеді.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- Корпоративті ақпараттық
жүйелер мен дерек базаларын жасау
- Корпоративті Web –порталдар мен электронды коммерция жүйелерін жасау
- Қазақ тілінің электронды
сөздіктерін жасау
- Электронды оқыту
жүйелерін жасау
- Сервер жүйелері мен
ақпаратты сақтау жүйелерін жеткізу және іске қосу
- Кәсіпорындардың
ақпараттық және техникалық ресурстарын басқарудың аппараттық-бағдарламалық
кешендерін жеткізу және іске қосу
- Лицензиялы бағдарламалық
қамтуды жеткізу
- Ақпараттық технологиялар
саласындағы кеңес беру мен қызмет көрсету
- Жасанды интеллекет саласындағы
ғылыми-зерттеу жұмыстары, сарапшылық жүйелер мен деректерді интеллектілік өңдеу
жүйелерін жобалау және жасау
|